Қазақстандық боксшылар америкалық бапкерге шапан жапты
Қазақстандық боксшылар америкалық бапкерге шапан жапты
Фото: Мейірім Нұрсұлтановтың парақшасынан
264
оқылды
Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8КО) пен Мадияр Әшкеев (13-0, 6КО) атақты бапкер Фредди Роучке шапан тарту етті. Мейірім Нұрсұлтанов боксшылар бапкерге қазақтың шапанын сыйға тартқанын Instagram-парақшасында жазды. «Фреддиді туған күнімен құттықтап келдік», – деп жазды ол. Айта кетейік, қазақстандық боксшылар Фредди Роучтың залында келесі жекпе-жектеріне ұзақ уақыттан бері дайындалып келеді. Фредерик Стивен Роуч – америкалық кәсіпқой боксшы, бапкер. Әлемдік бокс тарихындағы ең мықты жаттықтырушылардың бірі. Бокс туралы жазатын Журналистер қауымдастығының нұсқасы бойынша 7 рет «Жылдың үздік бапкері» атанған.