«Қытай мен Ираннан келгендер міндетті түрде 14 күн карантинге жатқызылады» – Біртанов
«Қытай мен Ираннан келгендер міндетті түрде 14 күн карантинге жатқызылады» – Біртанов
Фото: Интернеттен алынды
160
оқылды
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирустың қаупі туралы айтты. «Биыл 1 наурыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтудің 4-сатысын енгізді. Бірінші санаттағы елдер қатарына Қытай Халық Республикасы, соның ішінде Гонконг, Тайвань, Макао және Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия жатады», – деді министр. Елжан Біртанов Қытай мен Ираннан келген азаматтар міндетті түрде 14 күндік карантинге жатқызылатынын, ауруханадан шыққаннан кейін қосымша 10 күн ішінде медициналық бақылауда болатынын мәлімдеді. «Бірінші санатта елдерден келген азаматтар 14 күнге тұрғылықты жері бойынша карантинге орналастырылады. Бірақ санитарлық қызметтің шешімі бойынша бұл адамдар медициналық ұйымдағы карантинге ауыстырылуы мүмкін», - деді ол.