«AMANAT медиа сыйлығы – 2023» журналистер арасындағы республикалық байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

Медиа сыйлық БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға беріледі.

2023 жылы 22 мамырда «AMANAT» партиясы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында республика деңгейінде өтетін дәстүрлі байқаудың басталғанын хабарлайды.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық байқауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар, еңбек адамы, аймақтың өмірі мен тынысы, рухани және мәдени даму, жастардың қоғамдағы рөлі, Алаш қозғалысы, азаматтық борыш секілді негізгі тақырыптар қамтылады.

Медиа сыйлық БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға беріледі.

Сондай-ақ, «AMANAT медиа сыйлығы» байқауы аясында арнайы Мағжан Жұмабаев  атындағы «Сөз зергері» сыйлығы, Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» және «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» аталымдары бойынша арнайы сыйлықтар қарастырылған.

Өтінімдер 22 мамырдан 19 маусымға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 26 маусым күні  салтанатты түрде марапатталады. Биылғы байқаудың үздіктері «AMANAT» медиа сыйлығы мүсіншесімен және қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы он номинация бойынша анықталады.

 

Тақырыбы бойынша:

1. «Еліміздегі реформалар туралы үздік материал»;

2. «Еңбек адамы туралы үздік материал»;

3. «Аймақ туралы ең үздік материал»;

4. «Рухани-мәдени даму туралы үздік материал»;

5. «Жастар туралы үздік материал»;

6. «Алаш қозғалысы туралы үздік материал»;

7. «Азаматтық борыш туралы үздік материал»;

 

Арнайы сыйлықтар:

1. Мағжан Жұмабаев  атындағы «Сөз зергері» сыйлығы. 

2. Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы. 

3. Белсенді азаматтық ұстанымы үшін. 

 

Толық ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан алуға болады.  Байланыс үшін: 8-7172-916-005,  8-7172-916-029, 8778-097-55-22. Электрондық мекенжай: media_premiya@amanatpartiasy.kz.