Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қазығұрт ауданының полицейлері бірлесіп тексеру жүргізді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғын үйінде көкнәр өсірген.
Үйді тінту кезінде күдіктінің бақшасынан 3 900-ден астам көкнәр тәркіленді.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 300-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.