Атырауда 29 жастағы әйел адам биіктіктен құлап кетті

Әйел адамның төбеден құлауына нақты не жағдай себеп болғаны белгісіз.

Атырау қалалық Полиция басқармасының хабарлауынша, оқиға 23 мамыр күні сағат 11.30 шамасында Атырау қаласындағы "Алмагүл" ықшамауданында болған.

Қала тұрғыны көпқабатты үйдің  жоғары қабатынан құлап, қаза тапқан. 

Әйел адамның төбеден құлауына нақты не жағдай себеп болғаны белгісіз.

"Әзірге суицид деп нақты айта алмаймыз. Тергеу амалдары жүргізілуде", –  делінген хабарламада.

 

Баян Жанұзақова