"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" деген сөз әр мейірімді жанның танымына тамырлаған ұғым. Соған орай, 1 наурыз – барлық этностың бір-біріне мейірімділік танытып, Алғыс айту күніне айналды. [caption id="attachment_25493" align="alignnone" > ©"Номад" би ансамблі[/caption] Осыған байланысты «Қазақ радиолары» серіктестігінің жомарттыққа толы «Мың алғыс» қайырымдылық кеші жылда өтікізіліп, ауыр дертке шалдыққан не қиын жағдайға тап болғандарға қол ұшын беретін дәстүрлі жобаға айналды. [caption id="attachment_25495" align="alignnone" > ©NurOtan партиясы атынан "Бармысың, бауырым?" бағдарламасына алғысхат табысталуы[/caption] Осы күнде талай адамның үзілген үмітіне дем берген болатын. Соның бірі – Айнұр Нұрланова. Оның Асылай есімді 6 жасар қызына ота жасау қажет болды. Жілік майын ауыстыру бойынша шетелде жоспарланған трансплантацияның құны да қомақты шықты. [caption id="attachment_25498" align="alignright" > ©Айнұр Нұрланова[/caption]
Өмірде мейірімді жандар жоқ емес, бар. Оған қоса, қиналғандарға қарайласу қазақтың қанына сіңген қасиет емес пе?! Қайырымды жандардың арқасында қажетті қаражат жиналып, Асылайға операция жасалды. "Аллаға шүкір, қазір қалымыз жақсы" деген Айнұр бәріне алғыс айтып, Түркияда емделіп жатқан жерінен скайп арқылы байланысқа шықты.Тағы сондай бір кейіпкер үшін "Қазақ радиолары" серіктестігінің құрамына кіретін "Қазақ", "Шалқар", "Астана" және "Классик" радио арналары бір ай бойы қайырымдылық марафонын жүргізді. Одан түскен 500 мыңнан астам қаржыны мидың қатерлі ісігіне шалдыққан Самат Ақбергеновке тапсырды. [caption id="attachment_25499" align="alignleft" > ©Ерлі-зайыпты Самат пен Лаура[/caption]
Саматтың келіншегінің айтуынша, Қазақстанда брахотерапия отасы жасалмайды деген соң, басқа жақтарды қарастырған. "Жақын арада Новосібірге барып, дәрігермен кеңесіп келдік. Ісікті алып тастап, орнын күйдіріп, тоқтатуға болады" деген ол, операцияның 18 миллион 500 мың теңге тұратынын айтты.
– Осы дерттің салдарынан Саматтың көз көруі нашарлап кетті. Ұмытшақтық пайда болып, көп нәрсе есінде жоқ. Денсаулығы күннен күнге нашарлап барады. Тіпті кей кезде өз баласын да танымай қалады. Ал біздің үйленгенімізге 3-ақ жыл болды. Шынын айтсам, бақытты ғұмыр кешіп те үлгермедік. Расул мен күтіп отырған сәбиіміздің қызығын бірге көрсек деп армандаймын, – деді Лаура Ердалимова. [caption id="attachment_25488" align="alignnone" > ©Самат пен Лаура[/caption] Марафон барысында көмек қолын созған жандар аз болған жоқ. Мәселен, қоғам белсендісі Дәулет Төлеутайұлы әлеуметтік желідегі арқылы ақша жинап, үлесін қосты. [caption id="attachment_25504" align="alignright" > ©Дәулет Төлеутайұлы[/caption] – Әлеуметтік желідегі оқырманым көбейген сайын уақытымды босқа өткізбей, оларды жақсылыққа жұмылдырғым келді. Мына сертификатта 100 теңгеден жинаған 20 мың қазақтың үлесі бар. "Көп түкірсе көл" деген – осы. "Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ Сүйеу болсын, демеу болсын мың қазақ" дегендей, сенім білдірген оқырмандарыма алғысым шексіз, – деді ол. [caption id="attachment_25509" align="alignnone" > ©Бір жарым жасар Айғаным[/caption] Сөйтіп, өзінің Instagram аккаунтында айына бір рет "қайырымды жұма" акциясын жасап, бір күнде 19 388 450 теңге жинап, Самат Ақбергеновке табыстады. Ал Самат өз кезегінде радиомарафоннан түскен қаржыны бір жарым жасар Айғанымның еміне берді. Оның диагнозы – лимфлобасты лейкоз. Бұған жілік майын ауыстыру отасы керек екен.