«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады»: бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" 25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, 25 мамыр күні атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазақстанның өзге өңірлерінде солтүстік антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық күн райы күтіледі. Барлық аймақта жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл сақталады.

Ал Павлодар облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.