Америкалық атақты әнші Тина Тернер дүниеден озды

Тина Тернер жұртшылыққа әншілігімен қатар биші әрі актриса ретінде де танылған.

Америкалық танымал әнші Тина Тернер 83 жасында дүниеден озды. 

Бұл туралы әншінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

«Тина Тернердің қайтыс болғанын үлкен қайғымен хабарлаймыз. Өзінің музыкасымен және өмірге деген шексіз құштарлығымен ол бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйерлерді баурап, болашақ жұлдыздарды шабыттандырды. Бүгін біз өзі арамыздан кеткен, бірақ ұлы туындыларын: өзінің музыкасын қалдырған қымбатты досымызбен қоштасамыз. Біз оның отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Тина, біз сені қатты сағынамыз», – делінген жазбада.