Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға зымыран ұшырды
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға зымыран ұшырды
Фото: Интернеттен алынды
207
оқылды
Yonhap агенттігінің мәліметінше, Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға анықталмаған модельдегі снаряд ұшырды. Агенттіктің жазуынша, бұл жайт – КХДР-дың биылғы ең ірі қару сынағы. Снарядтың ұшырылған орны мен саны туралы мәліметтер әзірге белгісіз. Еске сала кетейік, былтыр АҚШ-пен ұзаққа созылып кеткен ядролық қарусыздандыру бойынша келіссөздер аясында Солтүстік Корея зымырандарды 13 рет сынақтан өткізген болатын. Өзінің жаңажылдық жолдауында Пхеньян жақын арада «жаңа стратегиялық қарудың» пайда болатынын және «күтпеген әрекеттер» туралы ескерткен еді. Сарапшылардың пікірінше, «стратегиялық қару» суасты қайығынан жіберілетін құрлықаралық баллистикалық ракетаның немесе баллитискалық ракетаның жетілдірілген түрі болуы мүмкін