Астана маңындағы Талапкер ауылында 10 жасар бала жаттығу кезінде кенеттен көз жұмды

10 жасар бала денені қыздыру жаттығуы кезінде есінен танып қалған.

Спорт мектебіндегі жаттығу кезінде 10 жасар бала қайтыс болды, – деп хабарлады sputnik.kz.

Оқиға 20 мамырда Астана маңындағы Талапкер ауылында болған. 10 жасар бала денені қыздыру жаттығуы кезінде есінен танып қалған.

Баланың жүрегі тоқтап қалған. Жедел жәрдем бригадасы оны құтқарып қала алмады. Сол үшін жедел-жәрдем бригадасының бас дәрігері жұмыстан шеттетілді.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев