Түркия Жоғары сайлау кеңесі президент сайлауының екінші кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы ресми мәлімет жариялады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
«Түркия президентін сайлаудағы дауыстардың 54,6% саналғаннан кейін 54,47% дауыспен Ердоған алда келеді, Кылычдароглуда – 45,53%», – делінген хабарламада.