Президент «Көзімнің қарасын» шырқаған Даррен Дицқа алғыс айтты
Президент «Көзімнің қарасын» шырқаған Даррен Дицқа алғыс айтты
181
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Instagram-дағы парақшасында: «Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Әсіресе, матч барысында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді. Жарайсың, Дәурен! Бұл жеңіс «Барыс» клубын жаңа жетістікке жетелесін!», – деп жазды.
«Барыс» хоккей клубының капитаны Даррен Диц Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетада «Көзімнің қарасын» орындаған.   https://www.instagram.com/p/B9ONjUfhEmb/?utm_source=ig_web_copy_link