Келісімшарт мерзімі аяқталған Тоқаев мәлімдеме жасады

Ол келісімшарт мерзімі аяқталған соң командадан кетті.

Спортшы Жомарт Тоқаев «Жетісу» футзал командасынан кететінін мәлімдеді. Ол жанкүйерлеріне алғыс айтты. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды. 

 

«Жетісу» командасымен келісімшарт мерзімі аяқталды. Команда басшысына, жаттықтырушылар мен командадағы әріптестеріме, бізді қолдаған жанкүйерлерге алғыс айтамын. Өткен кезең ең қиын маусым болды. Қиындыққа қарамай, қолымыздан келгенше жеңіске ұмтылдық. «Жетісу» командасына жаңа маусымда жеңіс тілеймін!» – деді спортшы. 

Фото: yandex.kz