Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көреді, бірқатар кездесу өткізеді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Алматыда Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.