Қазақстанда тағы 2 мереке пайда болды

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі “Аналар күні” және “Әкелер күні” мерекелерімен толықты.

Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізілді.  Құжатқа Үкімет басшысы Ә.Смайылов қол қойды.

Әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту үшін аталып өтетін «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелері елімізде де ресми мереке ретінде белгіленді (аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі, әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі).