Алматы облысында ер адам қарияны пышақтап кетті

Полиция аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында ер адам сөзге келіп қалған адамға пышақ салып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Түстен кейін желіде жарияланған видео қызу талқыға түсті, онда әйел жолын кесіп өткені үшін қарт адамды пышақтап кеткенін айтады. Видеодан пышақталған қарияны да көруге болады, ол жедел жәрдемді күтіп отырған секілді.

Полицияның хабарлауынша, ер адам жолды кесіп өтіп, Lada жүргізушісімен сөзге келіп қалған, жанжал барысында кішісі үлкеннің қарны тұсына пышақ сілтеген. 

Полиция аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Қазіргі уақытта күдікті адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.