Маңғыстау облысында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Оқиға 1 маусымда сағат 16:50 шамасында болған.

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті.

Atpress.kz-тің хабарлауынша, оқиға 1 маусымда сағат 16:50 шамасында болған. Түпқараған ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жолдыбек Бисенбековтің айтуынша, құтқарушыларға Ақшұқыр ауылында арнайы жабдықталмаған теңіз аумағында шомылған 2007 жылғы жасөспірім суға батып кеткені туралы хабарлама түскен. Сағат 19:05-те құтқарушылар келгенге дейін туыстары суға батқан бозбаланың денесін алып шықты.

Ал Ақтауда тұрғындар теңізден 17 жастағы екі бозбаланы құтқарып қалды. Олар да тыйым салынған аумақта суға түскен. Оқыс оқиғадан кейін облыстық ауруханаға жеткізіліп, екі жасөспірімнің біреуі үйіне жіберілді. Ал бір бозбала травматология бөліміне жеткізілді. Қазір оның денсаулығы бірқалыпты.