Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы жаңарған мәліметті ұсынды.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, елдегі халық саны 19 миллион 854 мың 83, оның ішінде қала халқы – 12 миллион 276,3 мың, ауыл халқы – 7 миллион 577,7 мың адам болды.