Есіктегі балабақшада балаларға қол көтерген каратэ жаттықтырушысы өз еркімен жұмыстан кетті, – деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы 26 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы "Айжан" бөбекжай балабақшасының "Жалын" тобындағы балаларға каратэ нұсқаушысы қол көтергені спортзалда орналасқан бейнебақылаудағы жазба арқылы расталды.
Болған жағдайға байланысты балабақша қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізіліп, каратэ нұсқаушысынан түсініктеме алынып, педагогикалық этика нормалары мен лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін "қатаң сөгіс" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар өз өтініші бойынша жұмыстан босатылды. Бүгінде балабақшаның "Жалын" тобының тәрбиеленушілерінің ата-аналары Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасына шағым түсірген, тергеу, тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.