The Manila Times басылымының хабарлауынша, Филиппиннің Сан Хуан қаласындағы Greenhills сауда орталығында атыс болып, келушілер эвакуацияланды. Консалтингтік фирманың мәлімдеуінше, сауда орталығында бұған дейін күзетші болып жұмыс істеген ер адам 27 қызметкерді тұтқынға алған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, арнайы жасақ, сондай-ақ Сан-Хуан қаласының мэрі Фрэнсис Замора оқиғаға орнына барған. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.