Түрік әуекомпаниясының әуекемесін дәстүр бойынша Астанада «су аркасымен» қарсы алды. Бұл ретте тікелей рейстер Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізі курорты арасында аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады.
«Іс-шара шын мәнінде бірегей – Қазақстан мен Түркия арасындағы MGA әуекомпаниясының алғашқы рейсі бірден екі ел үшін туристік саладағы тарихтың жаңа тарауын ашады», – деп атап өтті Anex Tour Kazakhstan бас директоры Рашад Бунядов.
Boeing 737-800 борты 189 орынға арналған. Жолаушылар ағыны жоғары болған жағдайда, ұшақ ағымдағы жылдың маусым айынан бастап 300-ден астам жолаушылар орны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстырылады деп жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, Mavi Gök Aviation (аудармасы «Көк аспан») – 2022 жылдың сәуір айында Анталья әуежайы негізінде құрылған түрік әуекомпаниясы.
Бүгінде маршруттық желіде бүкіл әлем бойынша ондаған бағыттар бар. Басым бағыттардың қатарына Еуропа, соның ішінде Аустрия, Германия және Мажарстан, сондай-ақ Доминикана, Мексика және Таиланд кіреді.
Әуе паркі Boeing 737-900ER (3x428), үш Boeing 737-800 (189 орындық сыйымдылығы бар 3 лайнер) және кең фюзеляжды Boeing 777-300ER ұшақтарымен ұсынылған.