Атыраудағы Исатай-Махамбет алаңында 60 жастағы ер адам қайтыс болды.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 4 маусымда болған.
"Дене жарақаттары жоқ, алдын ала болжам бойынша денсаулығына байланысты қаза тапқан. Ер адам 1963 жылы туған", – деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.