FlyArystan-ның кеше кешіккен Павлодар-Алматы бағытындағы рейсі бүгін ұшады

FlyArystan-ның кеше Павлодардан Алматыға ұшуы тиіс рейсі ұшпады.

4 маусым күнгі сағат 19.10-дағы КC7132 Павлодар-Алматы рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіккен. Бұл туралы Aikyn.kz сайты FlyArystan-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Әуе рейсі бүгін сағат 14.30-да ұшады деп жоспарланып отыр.

«Бұл рейстің жолаушылары қонақүйге орналастырылды. Сусын мен ыстық тамақ берілді. Біз жолаушылардан бұл қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», –  делінген ресми хабарламада.

Жолаушылар рейс кешіккен кезде мынадай мүмкіндіктерді пайдалана алады: 

– Рейс екі сағаттан артық кешіккен кезде жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электронды пошта хабарламасын сұрай алады.

Төрт сағаттан артық кешіккенде, ыстық тамақ ұсынылады.

Сусын мен тағам мәселесі бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне хабарласу керек.

Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуе билеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет қайтарымын жүзеге асыра алады.

Күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық кідіріс болса, жолаушыларға қоныстануға, сондай-ақ қоныстану жеріне дейін және кері қарай трансфер қарастырылады.

Жол мәселесі бойынша жолаушылардан FlyArystan өкілдеріне хабарласса, қолдау көрсетіледі.

Фото: azh.kz