Ұрыны бейнекамераның көмегімен қолға түсірді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тараз қаласы ПБ жедел басқару орталығына кешкі сағат 18:15 шамасында 32 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Көшеде алтын алқасын мойнынан жұлып алып кеткеніне шағымданған.
Полицейлер бейнебақылау камераларын қарап, 42 жастағы қала тұрғынын ұстады. Алтын алқаны алды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Фактіні ҚК-нің 191-бабы бойынша (тонау) тергейді.