Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының "Дипломат" қонақүйі туралы мәлімдемесіне қатысты түсінік берді.
"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұрынғы мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлына қатысты сот процесінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін «Дипломат» қонақүйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрлеу туралы ақпарат пен бейнеролик таратылды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз", – деп жазылған ресми мәліметте.
Мұхамедиұлына 221 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, оның қатысы жиналған дәлелдемелермен расталып, іс-әрекеттердің біліктілігін прокуратура органдары келісті. Оның әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді.
Сонымен қатар, тергеу барысында жауапкершілікті жеңілдету мақсатында ол мемлекет кірісіне айналдырылған 111 млн теңге сомасындағы залал ішінара өтелді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Дипломат» қонақүйін рейдерлік басып алды деген күдікті Мұхамедиұлының өзіне қатысты қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталды.
Осыған байланысты, Мұхамедиұлы сотталушыларына аталған мән-жайлар бойынша сот пен жұртшылықты адастыру жолымен жауапкершіліктен жалтару мақсатында жалған ақпарат берілді.
Жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе шешілуде. Азаматтардан тек ресми көздерден алынған объективті деректерге сенуді сұраймыз.