Мемлекет басшысына сот жүйесін жаңғырту жұмысының барысы таныстырылды.
Жоғарғы Сот төрағасы сот пен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялар корпусын білікті заңгерлермен нығайту, сондай-ақ сот үдерісінде азаматтар мен бизнеске берілетін кепілдікті күшейту міндеттерінің орындалуы жөнінде айтты.
Сонымен қатар Президентке сот қызметін аналитикалық тұрғыда күшейту, облыстық сот төрағаларының жауапкершілігін арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру және қоғамның соттарға деген сенімін арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғауды күшейту жұмыстарын жалғастыру маңызды екеніне назар аударды.