Прокурор ерекше күтім керек жандардың құқығын қорғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атырау қалалық прокуратурасының мәліметінше, 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі адамның құқы аяққа тапталған.
Атырау қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізіп, мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін төлем 2,4 АЕК-тан 5 АЕК-қа дейін көтерілді. Үш адамның жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылды. Оларға қосымша демалыс берілетін болды.
Жеке көмекшілердің қызметіне тиісті бақылау жасамау (оның 69-ы басқа ұйымдарда жұмыс істеген) және қайтыс болған 30 адамға бюджет қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.
Мүгедектердің қолжетімділігі бойынша талаптарға сәйкес келмейтін әлеуметтік объектілер анықталды.
Кінәлілерді жауапқа тартты.
Фото: istok-audio.com