Олар арқылы Алматы қаласында қалталы ер адамдарға интимдік қызмет көрсететін «жеке» кеш ұйымдастырған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Көліктегі полиция департаментінің ҰҚҚКБ-мен бірлесіп, «жабық» топтардың ұйымдастырушысы мен әкімшісі – 25 жастағы алматылық қызды ұстады.
Ол ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан. Қыздарға «демеушілерді» табуға, әлемді аралауға және өмірін жеңілдетуге уәде берген. Топқа кіру құны 300 АҚШ доллар болған. Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін күдікті клиенттен түскен ақшаның 40%-ын өзіне алып отырған. Қалғанын еркектерге «қызмет» көрсеткен қыз алған. «Кездесудің» құны бір сағат үшін 500 мың теңгеден бастап, әртүрлі бағада болған.
Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп, деректерді талдап, күдіктінің 2022 жылы 209 миллион теңгеден астам пайда тапқанын анықтады.
Секс-бизнесті ұйымдастырушы өзін Instagram-да 100 мыңнан астам оқырманы бар табысты модель әрі блогер ретінде көрсеткен. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген.
Тінту барысында күдіктіден қылмыстық «бизнес» туралы жазбалары бар күнделік, жаңа және сатып алынатын жылжымайтын мүлік құжаттары, есірткі, Lexus ES 250 және Toyota Camry 70 маркалы көліктер, салмағы 1,72 грамм мефедрон табылды.
Жеңгетай полиция бөліміне жеткізілді.
Прокуратура келісімі бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы және 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.