«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, маусым айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ылғалдылық негізінен нормаға жақын болуы ықтимал.
Сонымен бірге республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықтағы аудандарда құрғақшылық болады.
Атап айтқанда:
- Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында;
- Қостанай облысының Амангелді және Жаңғылда аудандарында;
- Қызылорда облысы Қармақшы ауданында;
- Ақмола облысы Жақсы ауданында;
- Қарағанды облысы Шет ауданында құрғақшылық болады.
Бұған дейін ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған болатынбыз.