Кәмелетке толмаған баланың мәйіті 6 маусым күні Әулиеағаш ауылынан екі-үш шақырым жерде Бурақожыр өзенінің арнасынан зорлықпен өлімнің сыртқы белгілерінсіз табылды. Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, жасөспірімнің өлімінің барлық мән-жайын мұқият тексереді.
Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы жұмылдырылды. Іздестіру шараларына облыстық департамент қызметкерлері, әскерилер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен еріктілер де (200-ден астам адам) жұмылдырылды.
Іздеудегі қызға қатысты бағыт жақын маңдағы полиция бөлімшелеріне жіберіліп, БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды.
Облыс полицейлері марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.