Биыл сәуір және мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция, прокуратура органдарымен бірлесіп, қарудың заңсыз айналымына шектеу қойды. Бұл туралы ҰҚК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеру нәтижесінде, 42 бірлік қару («МР-40» автоматы, «Драгунов» снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), 8 граната, РПГ-ның 2 снаряды, 4 051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқсауыттары, радиостансалар және пышақтар тәркіленді.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.