Әзербайжан, Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады
Әзербайжан, Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады
© REUTERS
139
оқылды
Коронавирусқа байланысты Әзербайжан, Иран елдерінің азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Бүгінде Қытайдан 480 қазақстандық эвакуацияланды. Қытайға күнделікті авиарейстер, теміржол қозғалысы мен жолаушылар тасымалы тоқтатылды. 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап Қытай азаматтарына виза беру тоқтатылды. 5 наурыздан бастап Әзербайжан мен Иран елдеріне Қазақстанға кіруге тыйым салынады", - деді Тілеуберді үкімет отырысы барысында.
Министр вирус деңгейі жоғары елдерге бармауға кеңес береді.
Еске салайық, мұның алдында тағы бес елде коронавирус анықталғаны хабарланған еді. Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.