Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай ата-анасының қандай жұмыс істегенін айтты. Бұл туралы NTK Entertainment бағдарламасында айтты.
"Әрине, анамның базарда қаттама нан сатқаны рас. Біз алғаш Астанаға көшіп келгенде саудадан бастадық. Анам қаттама нан пісіріп, полициядан, әркімнен қашып жүріп, сататын. Қазір енді Аллаға шүкір. Бәрін өзім қолға алдым, әке-шешем жұмыс істемейді. Ал әкем бұрын таксист болып істеді. Қазір демалады", – деді Санжар Тәшкенбай.
Еске сала кетейік, Санжар Тәшкенбай 2023 жылдың мамырында Ташкентте өткен әлем біріншілігінде чемпион атанды.
Ол 19 жасында әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ боксшысы.
Жеңіл салмақта өнер көрсететіне қарамастан, Санжар әлем чемпионаты барысында екі қарсыласын нокдаунға жіберді.
Елге оралған соң ол басшылық тарапынан сый-құрметке ие болып, кейін әкесіне көлік сыйлады.