Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингте үздік үштікке енеді.
Қазақстандық теннисші WTA Live рейтингісінде қазір 4-тен 3-орынға көтеріліп тұр.
Ролан Гаррос турнирінің қорытындысы бойынша, Е.Рыбакинаның алдына әлемнің 7-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер шығуы мүмкін еді. Алайда ол ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға жол берді – 6:3, 6:7 (5:7), 1:6.
Осылайша, Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек пен Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейінгі үшінші сатыға көтерілмек.