Семейде жаппай төбелесте пышақ жарақатын алған 13 жасар бала қайтыс болды

Тексеру барысында су қоймасы маңында жасөспірімдер жанжалдасқаны, соңы төбелеске ұласқаны анықталды.

6 маусымда Абай облыстық балалар клиникалық ауруханасына пышақ жарақатымен 13 жастағы жасөспірім түсіп, медицина мекемесінде көз жұмды, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.

Тексеру барысында су қоймасы маңында жасөспірімдер жанжалдасқаны, соңы төбелеске ұласқаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Төбелескендердің бәрі анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі уақытта бірқатар тергеу шаралары жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы  1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді», –  деп хабарлады полиция.

Полиция ата-аналардың жасөспірімді қараусыз қалдыруы олардың арасында жазатайым оқиға немесе құқықбұзушылық жасауына себеп болатынын еске салады. Тәртіп сақшылары балаларға бақылау мен жауапкершілікті,  олардың қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейту қажеттігін атап өтеді.

Фото: polisia.kz