Жетісу облысының тауларында жоғалып кеткен тиктокер табылды, – деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
«7 маусымда сағат 18.50-де Жетісу облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне 1986 жылы туған ер адамның 6 маусым күні сағат 15.00 шамасында Ескелді ауданының тауларында орналасқан Бұрхан бұлақ сарқырамасына қарай велосипедпен кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам – TikTok әлеуметтік желісінде өз блогын жүргізетін саяхатшы, Алматы қаласының тұрғыны.
«Іздестіру-құтқару жұмыстары Қарабұлақ ауылынан 40 шақырым жерде, Қорын шатқалы мен Бұрхан бұлақ сарқырамасы аудандарында жүргізілді.
Жедел жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының арқасында ер адамды сағат 12.00-де Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Бұрхан бұлақ сарқырамасынан 12 шақырым қашықтықта тапты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Іздестіру жұмыстарын жүргізуге ТЖД-дан 12 қызметкер мен 4 техника, кинологиялық есеп, аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды», – делінген ТЖМ мәліметінде.