Ақмола облысында жол апатынан үш адам зардап шекті. Оқиға 8 маусымда Аршалы ауданының аумағында Екатеринбург - Алматы автожолында болған, деп хабарлайды polisia.kz.
Болжам бойынша Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін сақтамай, бір бағытта кетіп бара жатқан тіркемесі бар КамАз-ға соғылған.
Салдарынан үш адам, яғни жүргізуші мен жеңіл көліктің екі жолаушысы зардап шекті.
Полиция қызметкерлері жол жүру ережесін мүлтіксіз сақтауды, шаршаған күйде көлік құралын жүргізбеуді және көлік құралын жиі тексеріп тұруды ескертті.