Нағыз шайқас – Алматыда! Сенбіде өтетін Nomad FC жекпе-жек турнирінен қапы қалмаңыз!

Сайыпқыран спортшылар, шоу бағдарлама мен көрерменге арналған сыйлықтар – 10 маусымда Алматы Аренада Nomad Fighting чемпионаты дүркіреп өтеді.

Nomad FC ең ірі қазақстандық жекпе-жек турнирінің бағдарламасында 13 жұптың ойыны және басқа да көптеген тосынсый бар. Еліміздегі ең сенімді букмекерлік кеңсе – Olimpbet ауқымды спорттық шараның демеушісі болды.

Қазақстандық ММА жұлдызы Мұратбек Қасымбай ресейлік файтер Никита Солонинмен шаршы алаңға шығады. Кино және ринг жұлдызы Еркебұлан Тоқтар ресейлік поп-ММА файтері Фарид Ядуллаевпен жұдырықтасады.

 

77 келіге дейінгі салмақта гран-при финалында Шерзод Абдужаппаров Темірлан Шашубаймен айқасады. Жекпе-жек жеңімпазына 5 000 000 теңге қаржылай жүлде беріледі.

Турнир аясында Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпқой боксшылары Бектас Қасенай мен Исламбек Пірманов арасында айқас болады, басқа да осы секілді жекпе-жектердің куәсі боласыз.

Спорттық сайыс барысында қонақтарды басқа да бағалы сыйлықтар күтеді. Танымал әртістер қатысады. Олардың қатарында SHIZA, YENLIK, ULUKMANAPO секілді эстрада жұлдыздары бар.

Алматы Аренада өтетін Nomad Fighting стадионындағы бірінші турнирді жіберіп алмаңыз! Аламан дода сенбі, 10 маусым күні сағат 17.00-де басталады.

Билетті 4 000-50 000 теңге аралығында zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.