Қазіргі уақытта Абай облысында үш бағытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
«Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылған.
14 тікұшақ тартылды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 621 рет 1900 тонна су төгілді", - деп жазды ведомстводан.