Абай облысындағы өрт: Бұлақ ауылының тұрғындарын көшірді

Абай облысында орман өртеніп жатыр.

Түнде Бұлақ ауылынан 80-ге жуық адамды көшірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, қою түтін салдарынан Семей қаласы Бұлақ ауылының 80-ге жуық тұрғыны эвакуацияланды.

Тұрғындар азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген эвакуациялық пункттерге орналастырылды. 

Бұған дейін ормандағы өртті үш жақтан сөндіріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.