Боксшы қарсыласын бапкерімен қоса ұрып құлатты

Фаворит саналған Веласкес қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірді.

Өте жеңіл салмақтағы мексикалық боксшы Хоселито Веласкес (16-1-1, 11 КО) пен отандасы Хуан Тосканоның (11-5, 2 КО) Мехикали (Мексика) қаласында өткен жекпе-жегінде оқыс жағдай болды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Фаворит саналған Веласкес қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірді.

 

Алайда жекпе-жектің бұлай бітуі Тосканоның бапкеріне ұнамады, ол рингке жүгіріп шығып, жеңімпазға тап берді. Веласкес оны да ұрып құлатты.