Шымкентте техникалық қызмет көрсету орталығы өртеніп кетті

Жалынның әсірінен 3 жүк көлігі зақымданды

Шымкентте техникалық қызмет көрсету орталығынан өрт шығып, 3 жүк көлігіне зақым келді.

Оқиға Тұран ауданына қарасты Алматы тасжолы бойында болды. Жүк көліктеріне техникалық қызмет көрсету орталығының 200 шаршы метр аумағы өртеніп кетті. Сондай-ақ, жалынның әсірінен 3 жүк көлігі зақымданды.

«Өрт сағат 05.02-де оқшауланып, 05.20-да толығымен сөндірілді. Жалпы бұл жұмыстарға 10 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 59 қызметкер және апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмылдырылды» - делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.