Атырауда автобус өртеніп кетті

Көлік өртенген уақытта автобуста жүргізушіден басқа адам болмаған.

Автокөлік өрті "Доссор-Құлсары" тасжолында тіркелді. Құлсары қаласына бағыт алған автобустың жанып жатқаны туралы хабар 13 маусым күні сағат 10.17-де тіркелген.

 «Семсер Өрт Сөндіруші» ЖШС 4 қызметкері , 1 бірлік техникасымен өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккендер жоқ. Көлік өртенген уақытта автобуста жүргізушіден басқа адам болмаған",– делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

 

 

Баян Жанұзақова