Синоптиктердің болжамынша, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс, шығыс, қиыр батыста, күндіз найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жаууы да ықтимал.
Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында шаңды дауыл, солтүстігінде тұман сақталады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық күтілуде.
Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.
Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.