Болжам бойынша, еліміздің солтүстігі мен шығысында үсік жүреді.
Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстары қысымның жоғарылау аймағында болады. Бұл өңірлерде түнде ауа температурасы +2+10°С-қа дейін төмендейді, топырақ бетінде -2°С үсік жүреді, ал күндіз ауа массасы бірте-бірте +20+28°С-тан +25+32°С-қа дейін жылынады.
Сондай-ақ синоптиктер Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы атмосфералық фронт әсерінен будақ бұлттар пайда болуы мүмкін екенін айтты: найзағай ойнап, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Бұған дейін Абай облысында өткінші жаңбыр жауатынын хабарлаған болатынбыз.
Фото: mixyfotos.ru