Марат Сұлтанғазиев Қонаевтан ойынханалардың көшірілетін-көшірілмейтіні жөнінде пікір білдірді

Бүгінде ойынханалар Қонаев қаласы мен Ақмола облысының Щучье қаласында орналасқан.

 Маусымның 14-і күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаевтан ойынханалардың көшірілетін-көшірілмейтіні жөнінде пікір білдірді.

    "Бүгінде ойынханалар жұмыс істеп тұр және оларды көшіру жоспарда жоқ. Құмар ойынға әуестік Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бар. Кей адамдарға онлайн казино арқылы ойнаған ​​ұнайды. Біз бар ойынханалардың ойын-сауық орталығы ретінде жұмыс істеуі үшін талаптар қоямыз. Бұл халықаралық тәжірибе: ойынхана өздігінен жұмыс істейді",  – деді Марат Сұлтанғазиев.


Өңір басшысы Қонаевта кинотеатр, аквапарк, сауда орталығын ұйымдастыруға да болатынын атап өтті. Және  ойын-сауық саласында жалпы 3,5 мың адам еңбек ететінін сөз етті.

    "Облыста 61 мың тұрғын бар десек, оның оннан бір бөлігі осы салада жұмыспен қамтылған. Ойынханалар жыл сайын жергілікті бюджетке 80-90 миллиард теңге салық төлейді. Бұл қыруар қаржы",  дейді Марат Сұлтанғазиев.


2022 жылғы мамыр айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды.

фото: zakon.kz