Депутаттың айтуынша, бүгінде апаттың салдарымен күресіп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі бізді толғандырып отырған мәселе, Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласының жылу мәселесі.
Атап айтар болсақ, 73 мыңдай халық тұратын шаһар бүгінде Ақсу ферроқортпа зауытының қазандығы арқылы жылытылып келеді. Оның да қазандықтарының тозығы жетіп тұрғандығы жасырын емес. Оған қаланың ескірген ішкі жылу жүйесін қосыңыз. Алда-жалда апат орын ала қалса, Екібастұздың күйіне түсуі мүмкін екендігін ескертеміз.
2016 жылдан қолға алынып, 2017 жылдың қалаға жеке қазандық салу жұмысы басталған. «Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің» тапсырысы бойынша 10 млрд.698 млн. теңге бөлініп құрылыс жұмыстары басталған. Алайда қаржы жекіліксіз деп танылып, осы уақытқа дейін жалпы алғанда 12 миллиардқа жуық қаражат жұмсалды.
Бірақ, салынып бітіп, іске қосылған қазандық жоқ!
Қала шетіне бой көтерген нысан мердігерден-мердігердің, суб мердігердің қолына өткен түсініксіз нысан болып әлі тұр.
Енді, ел бюджетінен миллиардттаған қаражат жұмсалған құрылыс үшін кім жауап береді? Бұл арнайы тексерісті, жеке-дара қарауды қажет ететін сауал.
Сондықтан ертең қыстың көзі қырауда Ақсу қаласының тұрғындары да жылусыз қалуы мүмкін деген қауіппен дабыл қағып отырмыз. Әрі арнайы шаралар қабылданып, мәселе шұғыл шешімін табуы керек.
Ендігі кезекте мәселені түбегейлі шешу үшін Министрлік жанынан шұғыл түрде арнайы комиссия құрылуы қажет. Шаһардың жылу жүйесіндегі мәселелер жедел сарапталып, оның түпкілікті шешілу жолы айқындаулы керек деген ойдамыз.
Дастан Зере
Фото: https://kk.wikipedia.org/