Синоптиктер еліміздің 18 өңірінде дауылды ескерту жариялады.
Астана, Алматы мен Шымкентте өрт тұтану қаупі жоғары.
Абай облысының солтүстік-батысында түнде 1 градусқа дейін топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Өрт тұтану қаупі бар.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында күшейеді. Екпіні – 15-20 м/с. Өрт тұтану қаупі бар.
Алматы облысының орталығы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Облыстың оңтүстігінде өрт тұтану қаупі жоғары.
Атырау облысының оңтүстігі мен батысында күндіз шаңды боран соғады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 39 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін. Солтүстік, шығыс пен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталған.
Шығыс Қазақстан облысында да өрт тұтану қаупі жоғары.
Жетісу облысында 15-16 маусымда солтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында екпіні 23-28 м/с жетеді. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал. Облыстың оңтүстік, шығысындағы солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде өрт тұтану қаупі жоғары.
Қостанай облысының батысында күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының орталығында күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 40 градусқа дейін аптап ыстық болуы мүмкін. Өрт тұтану қаупі жоғары.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с жел соғады. Күндіз облыстың көп бөлігінде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады. Павлодар облысының солтүстігі мен батысында өрт тұтану қаупі сақталған.
Павлодар облысының солтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, батысы мен шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысының тауларында күн күркіреп, дауыл тұрады. Таулы аймақтарда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың шөлді аудандарында 42 градусқа дейін аптап ыстық болады. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде 15-17 маусымда шаңды дауыл соғады. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың көп бөлігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады екен. Облыс орталығы мен оңтүстігінде өрт тұтану қаупі сақталады.