7-қабаттан құлап, қаза тапқан қыздың өліміне қатысы бар күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оған енді екі бап бойынша айып тағылып отыр. Бұл туралы Aikyn.kz сайты AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция бұл оқиғаға қатысты өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен қылмыстық іс қозғады. Бірақ марқұм қыздың туыстары онымен келіспейді. Қыздың өзін өлімге қиюы мүмкін емес, ол біреулерден зорлық көрген болуы мүмкін деп отыр.
Қалалық ПД бастығының орынбасары Ерболат Масақбаев: «Ақтөбе қаласы ПБ 1 қалалық полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) және ҚР ҚК-нің 1-бөлігінің 120-бабы (зорлау) бойынша қылмыстық істерді тіркеді. Іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр. Күдікті адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді.
Айта кетейік, марқұмның туыстары бұған дейін араша сұраған еді.