Жетісуда мотоцикл жүргізушісі қызды қағып кетті

Қайғылы оқиға 14 маусымда Ескелді ауданында болды.

Ешкіөлмес ауылында 11 жастағы қызды мотоцикл қаққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ауыр жарақат алған қыз аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай көз жұмды.

 

Polisia.kz-тің дерегінше, жол апатынан 38 жастағы мотоцикл жүргізушісінің өзі де зардап шекті. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.